02.07.2018, 1:24 767 «Атырау» клубының басшылығы мен бапкерлер штабы жұмыстан кетті

«Қызылжармен» болған матчтан соң «мұнайшылардың» басшылығы мен бапкерлері қызметтерінен кетті, деп жазады «SPORTINFORM» САА клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирлік кестедегі соңғы орын, Премьер-лига командалары арасында маусым басталғалы небәрі екі рет қана жеңіске жету, «Шахтер» командасымен болған матчтың жай-күйі, құрдымға кеткен трансферлік компания, клубтар мен мамандар тарапынан стадиондардың жай-күйіне деген ұдайы ескертулері клубтағы жағдайға әсер етпей қоймаған еді. Әрине, ең басты проблема чемпионаттағы нәтижелердің жоқтығы болып отыр. Тап осы мәселе мамандардың отставкаға кетуіне негіз болған.

Яғни, «Қызылжармен» болған ойын тең нәтижемен аяқталған соң «мұнайшылар» командасының басшылары мен бапкерлер штабы жұмыстарынан кетті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал