04.06.2018, 18:00 820 Атыраулық балуандар Румыниядан 3 медальмен оралды

Румыния астанасы Бухарест қаласында күрес түрлері бойынша жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.

Жарыс 30 мамыр мен 3 маусым аралығында өтті, атыраулық спортшылар айтулы додада 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

«65 келіде Жалғасов Бекзат қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Бекзат іріктеу кезеңдерінде Грузин мен Венгрия балуандарын ұтты. Ақтық кезеңде ирандық спортшыны оңай ұтты. 61 келіде Талғат Сырбаз қола, ал 71 келіде Шамарданов Жастілек күміс жүлдегер атанды», - деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал