29.10.2018, 11:00 1073 Аян Бейсенбаев триатлоннан Азия кубогында қола медаль жеңіп алды

2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аян Бейсенбаев Иорданияда өткен Азия кубогінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы қысқа қашықтықты 56 минут, 28 секундта жүгіріп өтіп, көшбасшыдан 15 секундқа ұтылды. Алтын жүлдені канадалық Майкл Лори иеленсе, күміс германиялық Янник Шауфлердің еншісінде.

Аян ересектер арасында қола жүлдегер атанып қана қоймай, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында екінші орыннан көрінді. 

Дарын Қонысбаев 19-шы, Семен Пивоваров 22-ші сатыда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал