10.10.2018, 9:30 425 Аян Молдағалиев қоссырықтан финалға өтті

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында тағы бір қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аян Молдағалиев спорттық гимнастикадағы қоссырық жаттығуы бойынша үздік алтылыққа енді.

Оның ұпай көрсеткіші – 13,366. 

Бірінші орында тұрған жапондық  Такери Китазаноның ұпайы – 14,266. 

Алғашқы үштікті Жапония, Ресей және Украина спортшылары иеленген. 

Финалдық кезең 15 қазан күні өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал