16.10.2018, 9:39 858 Аян Молдағалиев үздік алтылыққа енді

Қоссырық снаряды бойынша жасөспірімдер Олимпиадасының финалында сынға түскен Аян Молдағалиев алтыншы орын иеленді,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Финалда біздің гимнаст 13.100 ұпай жинады. Бұл жаттығу бойынша алтын жүлде жапониялық Такери Китадзонға бұйырды. Күміс медаль Қытай, қола жүлде Ресей спортшыларының еншісінде. 

«Біздің гимнастика үшін бұл жақсы көрсеткіш. Өткен Олимпиада ойындарында біз көпсайыстан ғана финалға шыққанбыз. Бұл жолы Олимпиадаға қатысатын спортшыны таңдауда қателеспегенімізге сенімдімін. Қоссырық снарядында Аян барлық элементті дұрыс орындап, өз міндетін атқарып шықты. Тек қарсыластарының қарымды екенін ұмытпаған жөн. Әлі де жетілдіретін тұстарымыз көп. Аян барлығын таза орындады, тек, қиындығы жөнінен артта қалдық», - дейді жастар құрамасының бапкері Сергей Сергеев. 

Сондай-ақ, бүгін спорттық акробатикадан аралас жұп арасындағы жеңімпаздар анықталды. Дмитрий Немеренко мен Анастасия Архипова 7-ші орыннан көрінді. Біздің спортшылар 26.950 ұпай жинаған.

Бұл сында болгариялық жұп чемпион атанды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал