30.10.2018, 7:45 594 Айдана Сарыбай Азия кубогын иеленді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен көркем гимнастикадан Азия кубогінде қазақстандық Айдана Сарыбай топ жарды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол шығыршық, ұршық және таспамен жаттығуда үш алтын иеленсе, доппен жаттығуда күміс жүлдегер атанды. 

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Эльжана Таниева да үш алтынға қол жеткізді.

Ол шығыршық, доп және таспамен жаттығуда үздіктер қатарынан көрініп, ұршықпен жаттығуда күмісті қанағат тұтты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал