14.04.2018, 18:25 719 Айдар Шәрібаев BoxRec рейтингінде бірден 76 сатыға төмендеді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Айдар Шәрібаев (7-1, 6 КО) BoxRec.com сайтының рейтингінде бірден 76 сатыға төмендеді.
Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін жерлесіміз енді 154-орында тұр.
Еске сала кетейік, Айдар АҚШ өкілі Эндрю Канчиомен (18-4-2, 14 КО) титулдық жекпе-жегін өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын. Индиода өткен айқаста боксшылар екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA InterContinental белдігі үшін күш сынасты.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал