11.06.2018, 10:35 987 «Әйелдер арасындағы GGG» АҚШ-тағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова келесі жекпе-жегін 7 шілде күні АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Леди Спарта» деген атпен бокс әлеміне танылған боксшы Техас штатындағы Корпус-Кристи қаласында «Ацтектер ханшайымы» атанған 25 жастағы америкалық Селина Бариоспен кездеседі. Селина кәсіпқой бокстағы тұңғыш кездесуін өткен жылы қаңтарда өткізген. Осы кезде дейінгі үш жеңісінің бірін нокаутпен аяқтаған.

Жеңіл салмақтағы Сатыбалдинова - Бариос жекпе-жегі сегіз раунд форматында өтеді.

«7 шілде күні NABF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Селина Барриоспен өте маңызды кездесу жоспарланған. Біздің жекпе-жегіміз бұл кештің басты кездесуі болады. Ол 8 раундқа жоспарланған және Техас штатының Корпус-Кристи қаласында өтеді. Бұл менің спорттық мансабымдағы ең маңызды кездесу. Сол арқылы мен бокстың жаңа деңгейіне көтерілем», - деп мәлім етті қазақстандық былғары қолғап шебері.

Еске сала кетейік, Аида кәсіпқой бокстағы төрт кездесуінің үшеуін нокаутпен аяқтап, бірінде тең нәтижені қанағат еткен. Мексикадағы соңғы жекпе-жегінде қазақстандық боксшы жеңіл салмақтағы WBF титулын жеңіп алған болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал