07.07.2018, 10:48 651 «Әйелдер арасындағы GGG» ең маңызды айқасына дайындалып жатыр

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (3-0-1) америкалық Селина Барриоспен (3-0, 1 КО) жекпе-жектің алдында Корпус-Кристиде (Техас штаты) салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде (135 фунт) өтеді. Таразыға тартылудың нәтижесі бойынша, «әйелдер арасындағы GGG» және «Леди Спарта» ретінде танымал болған Сатыбалдинова 134,5 фунт болса, оның қарсыласы одан жеңіл болды - 133,5.
Отандасымыздың айтуынша, бұл оның мансабындағы ең маңызды айқас болады. Ол бокстың жаңа деңгейіне көтерілуді жоспарлап отыр. Қазақстандық көрермендер үшін жекпе-жек 8 шілде таңертең өтеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал