12.06.2018, 10:56 859 «Әйелдер арасындағы GGG» жарақат алды. Жекпе-жек кейінге шегерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова (3-0-1) қолын жарақаттап алғанына байланысты жекпе-жегі кейінге ауыстырылатыны туралы мәлім етті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Сәлем, достар! 15 маусымға жоспарланған жекпе-жегімнің болмайтынын хабарлағым келеді. Бұл жекпе-жек қолымды жарақаттап алуыма байланысты шілдеге ауыстырылды. Соңғы сәтке дейін қолым жазылып, 15 маусымда бокстасамын деп ойладым. Сондықтан, бұрын бұл туралы хабарлаған жоқпын, бірақ дәрігер маған тыйым салып, 2 апта бойы демалдыруымды сұрады. Сондықтан, мені рингте 7 шілдеде көретін боласыздар. Хабарласып, уайымдап жатқандарыңызға рахмет. Бәрі жақсы, жуық арада кездесеміз! Алға, Қазақстан!», - деп жазды Сатыбалдинова Instagram парақшасында жарақаттанған қолының суретін сала отырып.

Еске салайық, бұдан бұрын қазақстандық боксшы қыз 7 шілдеде ең ірі және маңызды жекпе-жегі өтетінін айтқан болатын. Онда NABF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Селина Барриоспен айқасады. Жекпе-жек кештің басты айқасы болмақ. Ол 8 раундтан тұрады және Техас штаты Корпус-Кристи қаласында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал