22.11.2018, 9:54 704 Айза Иманбек Tallinn Trophy-2018 турниріне қатысады

26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Эстония астанасы Таллинде мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» санатындағы Tallinn Trophy-2018 турнирі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Халықаралық додаға Қазақстан атынан бірнеше спортшы қатыспақшы. Атап айтар болсақ, әйелдер арасындағы сында Айза Имамбек, ерлер арасындағы бәсекеде Артур Панихин мен Никита Манькобақ сынайды. Сондай-ақ, елімізде алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан спорттық жұп жасақталды. Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов спорттық жұп ретінде алғаш рет айдынға шықпақ. 

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова спортшылардың алдына қойылған басты міндеттерді атады. 

«Таллиндегі жарыста спортшылардың барлығы жаңа бағдарламамен өнер көрсетеді. Биылғы маусымды кейбірі сәтті, енді біреуі сәтсіз бастады. Десе де, біз жақсы нәтижеден үміттіміз. Айза Имамбек Олимпиада ойындарынан кейін ресми турнирге алғаш рет қатысқалы отыр. Панихин мен Манькоға да жақсы бағдарлама дайындадық. Спортшыларға қойылған басты талап – төрт құрлық чемпионатына мен ересектер арасындағы әлем біріншілігіне қатысуға мүмкіндік беретін ұпай жинау», - дейді бас бапкер.

Жұптасып өнер көрсететін Жансая Адыханова мен Әбіш Байқановқа қатысты да Құралай Узурованың айтары бар.  

«Бүгінге дейін елімізде спорттық жұп болмаған. Иә, биші жұптарымыз халықарлық жарыстарда біраз тәжірибе жинақтады. Бірақ спорттық жұп жасақтау қиынға соғып жүрген. Жансая Адыханова 2017 жылғы қысқы Универсиадаға жекелей сында қатысқан болатын. Уақыт өте келе Жансая мен Әбіштен жұп құрауды ұйғардық. Әзірге жаман емес. Алғашқы жарыста олардың әлеуетін көреміз», - дейді бас бапкер. 

4 желтоқсан күні қазақстандық спортшылар Загребтегі халықаралық турнирге қатысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал