01.06.2018, 12:07 845 Азамат Махметов Ресейдегі турнирде күміс жүлде иеленді

Санкт-Петербургте өткен «Губернатор кубогі» халықаралық турнирінде Азат Махметов күміс жүлде иеленді.

52 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз финалда қырғыз боксшысы Азат Үсенәлиевке жол берді.

Аталған турнирде Азаттан бөлек Ержан Жомарт (49 келі), Әділет Құрметов (60 келі) және Абзал Құттыбековтер (91 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Ержан Жомарт (49 кг), Әділет Құрметов (60 кг) және Абзал Құттыбековтер (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жартылай финалда есе жіберіп, қола медальді қанағат тұтқан еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал