16.08.2018, 12:59 1280 Азиада - 2018: Баскетболдан ерлер командасы алғашқы матчта жеңіліс тапты

Джакартада өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында баскетболдан (5x5) Қазақстан ерлер командасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде ұтылып қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан командасы Филиппинге қарсы ойнаған болатын.

Төрт кезең қорытындысы бойыншы қазақстандықтар 59:96 есебімен қарсыластарына жол берді. 

Кеше Қазақстан қыздар командасы да алғашқы матчта Қытайлық Тайпейден ұтылған еді. 

Баскетболдан ерлер командасы Азия ойындарында D тобында сынға түсуде.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал