18.09.2018, 17:32 1663 Азиада чемпионы Гузалия Ғафурова рейтингілік турнирлерге қатыспайды

Джакартадағы Азия ойындарында каратеден чемпион атанған Гузалия Ғафурова алдағы рейтингілік турнирлерге қатыса алмайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы команда бас бапкері Жасталап Санауов мәлімдеді. 

 - Азиада кезінде Гузалияның ауыр жарақат алғанын білесіздер. Ол қабырғасын зақымдап алғанынан қарамастан, чемпион атанған еді. Сол жарақат әлі де қолбайлау болып тұр. Гузалия қазір емделуде.

Сол себепті, Олимпиадаға жолдама беретін рейтингілік турнирлерге әзір қатыса алмайды. Ғафурова тез арада қатарға қосылады деп сенеміз. Өйткені, ол құрама үздіктерінің бірі,  - дейді Жасталап Санауов.

Еске сала кетейік, Берлинде өткен премьер-лига кезеңінде Данияр Юлдашев күміс жүлдеге қол жеткізді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал