25.08.2018, 16:42 658 Азиада жүлдегері Әділбек Мусинді жанкүйерлер үлкен қошеметпен қарсы алды

Жүзуден Азия ойындарының екі мәрте қола жүлдегері атанған Әділбек Мусин Джакартадан Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшының ата-анасы мен бір топ жанкүйерлер әуежайға жиналып, Әділбектің қуанышын бірге бөлісті.

Еске сала кетейік, Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде және эстафеталық сында қола жүлдегер атанды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал