20.09.2018, 10:12 1156 Азиада жүлдегері Аян Бейсенбаев триатлоннан Еуропа кубогіне аттанды

Қазақстандық триатлоншылар Түркияның Алания қаласында өтетін Еуропа Кубогіне қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

22-23 қыркүйек күндері Аланияда қарт құрлықтың триатлоншылары бас қосады.

Аталған сында Қазақстан намысын Азия ойындарының күміс жүлдегері әрі ел чемпионы Аян Бейсенбаев, сондай-ақ, Мейірлан Ысқақов пен Темірлан Теміровтер қорғайды.

Аталған үштік "Elite" категориясында сынға түсетінін естеріңізге саламыз. 

Ал Дэнис Туницкий, Ашраф Камалова және Наталья Короткова «спринт» бойынша жасөспірімдер арасында бақ сынайды. 

Еуропа кубогіне аттанған спортшылардың барлығы да Ақмола облысының өкілдері.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал