05.09.2018, 17:35 10266 Азиадада министр Қазақстан ватерполшыларының жеңісін қалай болжады

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков 2018 жылғы Азия ойындарында Қазақстан мен Жапония ватерполшылары кездесуі кезінде орын алған қызық оқиға жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Егер спортшыларға сеніп, оларға қолдау жасасақ, онда 100 пайыз нәтижеге қол жеткізуге болады. Ватерполо турниріндегі финалда біз жапондықтарға 2:5 есебімен жеңіліп жатқан едік. Негізі, жапондықтар №1 команда болып саналады», - деп тоқталды министрлікте өткен баспасөз мәслихатында Сәкен Мұсайбеков.
Оның сөзіне қарағанда, аталған жарыс барысында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы телефон шалып, спортшылардың жағдайы туралы сұраған.
«Жарыс кезінде маған Арыстанбек Мұхамедиұлы телефон шалып, доданың мән-жайы туралы сұрады. Өз кезегімде ұтылып жатқанымызды айттым. Сол кезде Арыстанбек Мұхамедиұлы жарыстың аяқталуына қанша уақыт қалғанын сұрап білді. Осы орайда екі кезең қалғанын баяндадым. Министр мырза «ештеңе етпейді, жетіп алып, жеңіске жетесіңдер» деді. Мен министрге алғысымды айтып, тұтқаны қойдым. Алайда, А. Мұхамедиұлының ешқашан ватерполо ойнамағанын да білетінмін. Барлықтарыңыз көрдіңіздер, қарсыластарымызды 8:7 есебімен ұтып кеттік», - деді вице-министр.
Еске салсақ, Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль алып (барлық медальдар саны - 76), жалпы рейтингте тоғызыншы орыннан көрінген болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал