22.05.2018, 17:00 818 Әзірбайжан Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамын жариялады

 

Футболдан Әзірбайжан құрамасының бас бапкері Гурбан Гурбанов алдағы оқу-жаттығу жиыны мен жолдастық матчтарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Әзірбайжан құрамасы 23 мамыр күні Бакуде жиналады. Гурбан Гурбанов шәкірттері алдағы уақытта үш жолдастық кездесу өткізеді – Қырғызстан (Баку, 29 мамыр), Қазақстан (Астана, 5 маусым) және Латвия (Рига, 9 маусым).

Әзірбайжан құрамасы:

Қақпашылар: Камран Агаев («Кешля»), Анар Назиров («Зиря»), Салахат Агаев («Нефтчи»);

Қорғаушылар: Урфан Аббасов, Ильгар Гурбанов, (екеуі де — «Габала»), Максим Медведев, Бадави Гусейнов (екеуі де — «Карабах»), Руслан Абишов («Нефтчи»), Славик Алхасов («Кешля»), Павел Пашаев («Александрия», Украина), Рахиль Маммадов («Сабаил»), Уфук Будак («Самсунспор», Түркия);

Жартылай қорғаушылар: Намик Аласкаров, Эмин Махмудов, Рахман Гаджиев (барлығы — «Нефтчи»), Джошгун Диниев, Гара Гараев, Ричард Алмейда (барлығы — «Карабах»), Джавид Имамвердиев («Сумгаит»), Джавид Гусейнов, Тамкин Халилзаде («Габала»), Араз Абдуллаев («Анортосис», Кипр);

Шабуылшылар: Руслан Гурбанов («Габала»), Амиль Юнанов («Сумгаит»), Махир Мадатов, Рамиль Шейдаев (екеуі де — «Карабах»), Дмитрий Назаров («Эрцгебирге Ауэ», Германия).

Айта кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары арасындағы жолдастық матч 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын 22:00-де басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал