03.07.2018, 10:29 1239 Азия чемпионатында Қазақстан екі ойын өткізді

Иранда өтіп жатқан волейболдан 18 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның бірінде жас волейболшылар жеңіліп қалса, екіншісінде қарсыластан айласын асырды. 

Үндістан құрамасымен 30 маусым күні өткен матчта біздің құрама үш партия нәтижесі бойыншы ұтылды. Есеп: 21-25, 23-25, 21-25. Команда жеңіліске ұшыраса да, Марат Иманғалиев шәкірттерінің соңына дейін тырысқаны байқалып тұр.

Екінші ойында Қазақстан құрамасы Оманмен кездесіп, тартысты өткен матчта 25-23, 36-34, 25-19 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде 19 ұпай жинаған Илья Чекурсков үздік ойыншы атанды. 

Осылайша, үш ұпаймен өз тобында екінші орын иемденген қазақстандықтар келесі кездесуді Жаңа Зеландияға қарсы өткізбек.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал