13.07.2018, 9:07 732 Азия ойындары алдындағы Қазақстан чемпионаты басталады

Еліміздегі академиялық ескек есушілер үшін Жазғы Азия ойындарының алдындағы ірі жарыс өтеді. Шілденің 14-18 аралығында Теміртаудағы Самарқанд су қоймасында академиялық ескек есуден Қазақстан чемпиондары анықталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионатына еліміздің үш облысы мен бір қаласынан спортшылар қатысады. Атап айтар болсақ, Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы, сондай-ақ, Астана қаласының ескек есушілері өзара бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Жазғы Азия ойындары Джакартада (Индонезия) 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал