10.07.2018, 16:01 1040 Азия ойындарына баратын боксшылар анықталды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Джакартадағы Жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылардың есімін атады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Азия ойындарында ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды: 

49 келі – Теміртас Жүсіпов

52 келі – Азат Махметов

56 келі – Қайрат Ерәлиев

60 келі – Саматәлі Толтаев

64 келі – Бекдәулет Ибрагимов

69 келі – Асланбек Шымбергенов

75 келі – Әбілхан Аманқұл

Еске сала кетейік, 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарының бағдарламасынан бокстағы үш ауыр салмақ алынып тасталды. Яғни, 81,91, және 91 келіден жоғары салмақта жүлделер сарапқа салынбайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал