03.08.2018, 12:52 1141 Азия ойындарына қатысатын дзюдошыларымыздың тізімі шықты

Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

18 тамыз бен 2 қыркүйек күндері Индонезияда Азия ойындары өтеді. XVIII жазғы Азия ойындарында 42 спорт түрінен 476 медаль сарапқа салынады. Ал дзюдо бойынша сайыстар 29 тамыз бен 1 қыркүйек күндеріне белгіленген.

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы жылдың басты додасына қатысу үшін 25 тамыз күні Индонезияға аттанады.

XVIII жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының тізімі мынадай:

Ерлер:

Елдос Сметов (-60 кг)

Елдос Жұмақанов (-66кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Санжар Жабборов (+100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (mix)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)

Камшат Қарасайқызы(-52 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Иоланта Бердибекова (-63 кг)

Зере Бектасқызы (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Гүлжан Исанова (+78 кг)

 


  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал