14.08.2018, 14:56 861 Азия ойындарына қатысатын велотрекшілер құрамы анықталды

Велотректен Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың есімі анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас бапкер Владимир Бушанский Джакартаға аттанатын велотрекшілердің аяқ алысына баға беріп, құрлық бәсекесіне қойылған басты талаптармен бөлісті.

Азия ойындарына қатысатын велотрекшілер екі бағдарлама бойынша сынға түседі: спринт және темп.

Спринтерлер жарысына Қазақстан сапынан 4 спортшы қатысады: Павел Воржев, Сергей Понамарев, Максим Налетов, Багдан Рудер.

«Темп» жаттығуы бойынша сынға түсетін спортшылар: Артем Захаров, Тұрар Асылхан, Роман Василенков, Никита Панасенко, Роберт Гайниев, Әлішер Жұмахан, Сұлтанмұрат Миралиев.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал