11.04.2018, 15:33 813 Азия ойындарында бокс турнирі 10 салмақ дәрежесінде өтеді

Джакартада өтетін Азия ойындарында бокс турнирі он салмақ дәрежесінде ғана өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Азия ойындарының ұйымдастырушылары ерлер (81 келі, 91 келі және +91 келі) мен әйелдер (+75 келі) сайысында ауыр салмақ дәрежесін алып тастады.

Осылайша, Азия ойындарында медальдар жиынтығы он салмақ дәрежесінде ойнатылады. Ерлер арасында жеті салмақ бойынша (49 келі, 52 келі, 56 келі, 60 келі, 64 келі, 69 келі, 75 келі), ал әйелдер арасында үш салмақ бойынша (51 келі, 57 келі, 60 келі

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал