01.08.2018, 16:28 1046 Азия ойындарында ел намысын қорғайтын таеквондошылар белгілі болды

18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтетін Жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімі анықталуда. Бүгін Қазақстан таеквондо командасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл күндері Қазақстан таеквондо құрамасы Оңтүстік Кореяның Тэджун қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Жаттығу кезеңі 14 тамызға дейін созылады. 

Бапкердің айтуынша, Қазақстан құрамасы екі медальдан үмітті. Атап айтар болсақ, 80 келіден жоғары салмақта Руслан Жапаров, 67 келіден жоғғары салмақтағы Дениз Женсельдің жүлдеге таласы бар. Сондай-ақ, 80 келіге дейінгі салмақтағы Нұрлан Мырзабаев та сенімді ақтауы мүмкін.

Азия ойындарына қатысатын таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы:

Керюги:

1. Елдос Ысқақ

2. Қазыбек Бақтиярұлы 

3. Ерасыл Қайырбек

4. Нұрлан Мырзабаев 

5. Руслан Жапаров

6. Айнұр Есбергенова 

7. Фариза Алдоңғарова

8. Маржан Төлепбергенова

9. Ақсәуле Ерқасымова

10. Дениз Джансель

Пумседен:

1. Руслан Манасбаев

2. Нұрқанов Ерлан

3. Шелков Артем

4. Чен Вячеслав

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал