05.07.2018, 17:13 645 Азия ойындарында еліміздің намысын төрт велоспортшы қорғайды



Тамыздың 18-де Индонезияда басталатын жазғы Азия ойындарына еліміздің атынан төрт велоспортшы қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Олар – Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Евгений Гидич және Дмитрий Груздев. Құрлықтағы кешенді сынға баратындар ел чемпионатынан кейін белгілі болды. Алматыдағы Қазақстан біріншілігінің соңғы күні ерлер арасындағы топтық жарыс өтті. 174 шақырымдық элиталық сында Алексей Луценко жеңіске жетті. Никита Стальнов екінші келсе, Артем Захаров үздік үштікті түйіндеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал