15.08.2018, 11:21 1356 Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер құрамасы 3 жүлде алуды жоспарлап отыр

Джакартада өтетін XVIII Азия ойындарында Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы 3 жүлде алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

- Қазіргі таңда дзюдодан әйелдер құрамасы Азия ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарына дайындалуда. Әдеттегідей, Азия ойындарына қатысушылар 2018 жылдағы ресми жарыстардағы көрсеткіштеріне қарай жасақталды. 7 салмақ бойынша татамиде күресетін қыздар құрамасына 1 алтын және 2 қола жүлдені жоспарлап отырмыз, - дейді дзюдодан Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасының бас бапкері Марат Данайбаев.

Айта кетейік, Джакартада Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек арасында өтеді. Ал татами шеберлері 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өзара мықтыны анық тайды. Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы 25 тамыз күні Астана қаласынан Джкартаға Азия ойындарына аттанады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал