05.07.2018, 11:01 744 Бадминтоншылар Моңғолияда өткен халықаралық турнирде үш медаль ұтып алды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бадминтоннан Mongolia International Series 2018 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған дода қазақстандық спортшылар үшін табысты өтті. Турнирге қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жарыс қорытындысы бойынша  3 қола медаль жеңіп алды. 

Нақтылап өтер болсақ, жекелей сында Дмитрий Панарин қола жүлдегер атанды. Ол жарысқа қатысқан спортшылар ішінде 4-ші орында тұрған вьетнамдық спортшыны, 7-ші орында тұрғын индонезиялық бадминтоншыны жеңді. Панаринді жарыстың болашақ чемпионы сингапурлық спортшы ғана тоқтатқан. 

Одан бөлек, Артур Ниязов пен Панарин жұптық жарыста қола жүлдегер атанса, Айша Жұмабек ресейлік Анастасия Пустинскоймен бірге әйелдер арасындағы жұптық сында үздік үштікке енді. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал