02.03.2018, 13:08 892 Бақбергенова мен Қасымова Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті

Қазақстандық Аяулым Қасымова (62кг дейін) мен Жәмилә Бақбергенова (72 кг дейін) Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Турнирдың 1/4 финалында Бақбергенова 11:1 есебімен үндіс спортшысы Пинки Пинкиды тас-талқан етіп, артынан қытайлық Юю Ханға 2:8 есебімен есе жіберді. Алайда, бұл нәтиже жерлесіміздің келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік берді. Жартылай финалда ол моңғол балуаны Насанбурмаа Очирбатпен ұшырасады.

Ал, Қасымова өзінің алғашқы жекпе-жегінде Қытайдан келген Мин Ху балуанды 12:1 есебімен жеңді. Енді оны 1/2 финалда қытайлық спортшы Ксиаохун Луо күтіп тұр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал