13.04.2018, 13:24 920 Балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға мән берілмек

Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға барынша мән берілмек. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің «Ақжайық» футбол клубы ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамымен кездесуінде айтылды.

Биылғы маусымда алда тұрған мақсат-міндеттер талқыланған жүздесуде өңір басшысы жергілікті ойыншыларды даярлау, аймақтағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мәселесіне тоқталды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаеваның айтуынша, «Ақжайық» футбол клубы 2018-2022 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдер арасында футболды дамыту бағдарламасын бекітті. Сондай-ақ «Ақжайық» футбол орталығында 23 топта 5-18 жас аралығындағы 700 жеткіншек жаттығады.
Футболдан премьер-лига командалары арасында ел біріншілігінде өнер көрсететін «Ақжайық» командасының бас бапкері Владимир Мазяр клубқа ерекше назар аударғаны үшін облыс әкіміне алғысын білдірді. Ол биыл Түркияда қос бірдей оқу-жаттығу жиынын өткізіп, чемпионаттың алғашқы кездесулерін өткізіп үлгерген «Ақжайықтың» құрамында 23 ойыншы бар екендігін жеткізді. Солардың 15-і қазақстандық болса, соның жетеуі - Орал футболының түлектері, сондай-ақ 8 легионер бар.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал