10.04.2018, 12:22 876 Баландин Испанияда кезекті алтын медальға қол жеткізді

Жүзуден Испания ашық чемпионатында қазақстандық спортшылар жақсы өнер көрсетуде, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Үшінші жарыс күннің қорытындысы бойынша үш спортшымыз жүлделі орынға ілінді. Дмитрий Баландин 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде чемпион атанса, Айбек Қамзенов үздік үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ, 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде Әділ Қасқабай күміс жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде топ жарған болатын. Ал Әділбек Мусин 50 метр қашықта баттерфляй әдісімен жүзуде күміс медаль еншіледі.

Малагадағы халықаралық турнир екі күннен кейін аяқталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал