19.08.2018, 18:33 589 Балуан Қайсанов Азия ойындарының финалында күреседі

 

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында еркін күрес шеберлері чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

74 келіде сынға түсетін Данияр Қайсанов Азия ойындарының финалдық бәсекесінде күреседі.

Данияр жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысынан басым түсті. Ал алғашқы айналымдарда Катар және Вьетнам балуандарын жеңген болатын. 

Финалда Данияр Қайсанов өзбекстандық Бекзод Әбдурахмоновпен белдеседі. 

Сондай-ақ, бүгін 86 келідегі Әділет Дәулембаев пен 65 келі салмақтағы Саятбек Оқасов қола медаль үшін күреседі. 

Балуандарымызға сәттілік тілейміз!

Азия ойындарының онлайн-трансляциясын мына сілтемеден көріңіздер.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал