31.05.2018, 12:34 1679 «Барыс» әлем чемпионатының үздік сұрмергенімен келісімшартты ұзартты

«Барыс» хоккей клубы сұрмерген Роман Старченкомен келісімшартты ұзартқанын хабарлады. 2 жылға біржақты келісім жасалды, деп жазады  «SPORTINFORM» САА.

Роман Старченко - Барыстың құрамында ҚХЛ-дың бірінші маусымынан бастап 10 жылдан бері ойнап келе жатқан екі хоккейшінің бірі. Алдыңғы маусымда 32 жастағы сұрмерген тұрақты чемпионатта 39 матчқа қатысып, 20 (11+9)  ұпай жинады. Жалпы ҚХЛ-дың есебінде Романның 515 матчтан 242 (139+103) ұпайы бар.

2018 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында Старченко турнирдің үздік сұрмергені атанып, 5 ойында 8 (6+2) ұпай жинаған. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал