12.09.2018, 10:15 8999 «Барыс» матчына арнайы автобустар қатынайды

«Барыс» хоккей матчының өтуіне байланысты 4 күн бойы арнайы автобустар (шаттл) қатынайтын болады, деп хабарлайды Astana LRT компаниясы Фейсбуктегі парақшасында.
«12, 14, 16, 18 қыркүйекте «Барыс» хоккей матчының өтуіне байланысты арнайы «Shuttle - Bus» автобустары шығарылады (кері қатынайды).
Жөнелтілетін жері (отырғызу) - «Қазақстан» спорт кешенінің көлік тұрағы мен Бөгенбай батыр ескерткіші жанындағы көлік тұрағы (Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа даңғылы қиылысында)», - делінген хабарламада. Бағдарлардың жүру уақыты - сағ. 18:30 (жұмыс күндері), 16:00 (демалыс күндері). Арнайы «Shuttle-Bus» автобустарында жол жүру құны қоғамдық көліктегімен бірдей.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал