12.09.2018, 22:20 6278 «Барыс» өз айдынындағы алғашқы матчта «Нефтехимикке» есе жіберді

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының аясындағы өз алаңындағы алғашқы ойынын өткізді. Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасын қабылдаған елордалықтар овертаймда есе жіберіп қойып, бір ұпайды қанағат қылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «Астана» Президенттік клубына сілтеме жасап.

«Барыс-Арена» мұз сарайында өткен кездесуде айдын иелері екінші минутта-ақ Даррен Диц соққан шайбаның арқасында алға шыққан. Алайда, 8-ші минутта қонақтар таразы басын теңестіріп кетті. Роман Старченконың голынан кейін «Барыс» алғашқы үзіліске 2:1 есебімен шыққан. Бірақ, Назаров шәкірттері қайтпайды екен, тағы да таблодағы көрсеткішті теңестірді. Екінші кезеңде Кертис Волк пен Роман Старченко бір-бірден көзге түскенімен үшінші кезеңді қонақтардың қолына беріп қойдық. Қонақтар есепті теңестіріп, матч овертаймға ұласты. Ал овертаймда «Барыстың» екі ойыншысы мұздан қуылып, артық құрамды сәтті пайдаланған «Нефтехимик» жеңіс голын соғып кетті. Қорытынды есеп – 4:5, «Барыс» бұл кездесуден бір ұпай еншіледі.

Дәл қазір «Барыс» Шығыс конференциясында 4 ұпаймен 13 команданың ішінде 8-ші орында тұр. Енді келесі кездесуін елордалықтар өз жерінде Нижний Новгородтың «Торпедосына» қарсы өткізеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал