03.07.2018, 17:04 4895 «Барыс» өзінің экс-капитанын қатарына қайта қосты

«Барыс» хоккей клубы өзінің бұрынға капитаны Брэндон Боченскиді қатарына қайта қосты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚХЛ-дың ресми сайтына сілтеме жасап.

Атақты шабуылшымен елордалықтар біржылдық келісімшартқа отырды. Айта кету керек, бір жыл бұрын Боченски спорттағы мансабын аяқтаған болатын.

36 жастағы хоккейші 2010-2017 жыл аралығында «Барыс» сапында өнер көрсеткен еді. 7 маусым ішінде ол 399 матчқа қатысып, 397 ұпай жинаған (160+237).

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал