06.11.2018, 9:36 7870 «Барыс» Шығыс конференциясында төртінші орынға көтерілді

Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астананың «Барысы» Словакияға барып, Братиславаның «Слованымен» ойнады.

Андрей Скабелканың командасы бірінші кезеңде шайба жіберіп алғанмен, Никита Михайлис және Дмитрий Гренцтің күш салуымен қазақстандық команда 2:1 есебімен жеңді.

Енді «Барыстың» еншісінде 37 ұпай бар. Бұл елордалық ұжымның ҚХЛ Шығыс конференциясында төртінші орынға көтеріліп, Қазанның «Ақ Барсымен» теңесуіне мүмкіндік берді. Бірақ қазақстандық ұжым екі ойын аз өткізген.

Келесі ойынын «Барыс» 12 қараша күні Новосібірде «Сібірге» қарсы өткізеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал