05.06.2018, 14:40 2227 «Барысқа» жаңа бас бапкер келді

Андрей Скабелка ресми түрде «Барыс» командасының бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клуб сайтына сілтеме жасап.

47 жастағы маман астаналық клубпен екі жылға келісімшарт жасасты. Алдағы уақытта ол өзінің бапкерлік штабын құрумен айналысады.

Қаңтар айынан бері «Барыс» командасын бас бапкердің міндетін атқарушы Ғалым Мәмбеталиев басқарып келеді. Өткен маусымда Скабелка «Авангардтағы» қызметінен босатылған болатын.

Бапкер ретіндегі жетістіктері: 2010 жылы Беларусь чемпионатының қола жүлдегері (Гомель ХК), 2014-2015 жж ҚХЛ маусымының қола жүлдегері (Сібір ХК).

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал