05.09.2018, 10:11 7737 «Барысқа» жаңа капитан тағайындалды

Астананың «Барыс» хоккей клубы өзінің Youtube-арнасында жаңа капитандары таныстырылған видеоны жариялады.

«Барыстың» жаңа капитаны Брэндон Боченски болды. 36 жастағы форвард аталмыш клубты 2014/15, 2015/16 және 2016/17 маусымдарда басқарған болатын.

Сондай-ақ бұған дейін «Барысқа» Кевин Даллмэн (2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12), Дмитрий Уппер (2012/13, 2013/14) және Найджел Доус (2017/18) басшылық еткен еді.

Боченски «Барыс» үшін 2010-2017 жылдар аралығында ойнаған болатын. Бір жылдық демалыстан кейін астаналық клубқа қайта оралды. 2015 жылдан бастап Брэндон Қазақстанның ұлттық құрамасы үшін ойнайды.

Жаңа - 11-маусымда «Барыс» клубы 5 қыркүйек күні Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 22.00-де басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал