15.08.2018, 21:06 1160 Баскетболшыларымыз Азия ойындарын сәтсіз бастады

Баскетболдан (5x5 ) Қазақстан қыздар командасы Азия ойындарының іріктеу айналымындағы алғашқы матчын Қытайлық Тайпейге қарсы өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, қазақстандық команда тайпейліктерге 42:72 есебімен жол берді. 

Қытайлық Тайпей бірінші кезеңде 16:6, екінші кезеңде 20:12, үшінші кезеңде 19:11, төртінші кезеңде 17:13 есебімен басым түсті.

Қазақстан командасы Индонезия, Оңтүстік және Солтүстік Корея және Тайпеймен бірге "А" тобында өнер көрсетеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал