16.05.2018, 16:30 102 Батыр Жүкембаев WBC белбеуіне таласады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев 26 мамыр күні WBC тұжырымының белбеуіне таласады.
Boxrec.com сайты таратқан мәліметтерге сүйенсек, кездесу Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы кездесудің андеркартында өтпек.
Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін отандасымыз Оңтүстік Америка аймағының және WBC ұйымының күміс белбеуінің иегері аргентиналық Джонатан Хосе Энизбен (20-9-1, 7 КО) жұдырықтасады.
Естеріңізге сала кетейік, Жүкембаев осыған дейін кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, оның 10 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Осыдан бірер күн бұрын отандасымыз өзінің facebook желісінде «Жекпе-жекке 12 күн қалды», - деп жазба қалдырып, видео жүктеген болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал