18.10.2018, 20:22 1154 Батырғали каратеден жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық каратеші Әбілмансұр Батырғали 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз жартылай финалда бельгиялық Квенти Махауденнен жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Әбілмансұр Олимпиададағы алғашқы кездесуінде аргентиналық Хуан Мартинес Салсенчті, кейін жапондық Котаро Накамураны жеңген болатын. 

Марокколық Яссин Секуримен өткен жекпе-жекте қарсыластар тең түсіп, екі спортшы да жартылай финалға жолдама алғанын естеріңізге саламыз.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал