01.04.2018, 20:51 886 Батысқазақстандық жасөспірім жекпе-жектен ел чемпионы атанды

 

Петропавл қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрі жекпе-жектен ел чемпионаты мәреге жетті.

БҚО ұлттық спорт мектебінің директоры Дастан Мырзағалиевтің айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған айтулы додаға 15 команда құрамында 300-ден астам спортшы қатысты.

Жарыс елімізде ұлттық спорттың жекпе-жек түрімен айналысушы жас буынның қатары көбейіп келе жатқандығын  тағы бір танытты. Соның ішінде батысқазақстандықтар да табысты өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жасөспірімдер арасында Қадырбек Асылбеков 43 кг салмақта қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Ал Шыңғыс Шайхолла 35 кг салмақта үшінші орынға көтерілді. БҚО ұлттық спорт мектебінің шәкірттерін бапкер Айдын Ихсанов жаттықтырады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал