29.08.2018, 10:26 7972 Байдарка мен каноэде ескек есуден екі қазақстандық команда финалда бақ сынайды

Бүгін Азия ойындарында байдарка мен каноэде ескек есушілер жарысы басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар іріктеу айналымын бірінші орынмен аяқтады.

1000 метрге жарысудан Илья Голендов пен Андрей Ергучев жұбы бірінші орынмен финалдық кезеңге өтті. Олардың уақыт көрсеткіші – 3.27.907.

500 метрге төрт адам болып жарысудан Қазақстан көш басында. Біздің команданың уақыт көрсеткіші – 1.25.457. Бұл сында еліміздің намысын Илья Голендов, Алексей Дергунов, Евгений Алексеев және Сергей Токарницкий қорғауда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал