06.04.2018, 9:37 863 Бекзат Саттархановтың інісі бокс турнирінде жеңімпаз атанды

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 17-ші  халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Үш мемлекеттен 200-ге тарта спортшы қатысқан байрақты бәсекеде боксшылар 15 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтады.

Жарыста 5 салмақ дәрежесі бойынша қыздар  да өз бақтарын сынап көрді. Олимпиада чемпионының інісі Бекзат Сейіл де 49 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жас спортшы намысты қолдан бермей, үздік бокшы атанды.

Бір аптаға созылған байрақты бәсеке аса тартысты өтті. Жақсы дайындықпен келіп, шеберлігін танытқан боксшылар  жеңіс тұғырынан көрінді. Оларды  облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев пен Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада мектебінің директоры Дәурен Тәңірбергенов марапаттады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал