12.04.2018, 18:15 779 Бернард Хопкинс Айдар Шәрібаевқа сәттілік тіледі

Америкалық әйгілі кәсіпқой боксшы Бернард Хопкинс қазақстандық спортшы Айдар Шәрібаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Қазақстанның Diamond Ring промоутерлік компаниясына сілтеме жасап.

Хопкинс Айдар Шәрібаевтың жекпе-жегіне комментатор болады. Салмақ өлшеу рәсімінен кейін ол Шәрібаев және оның командасымен кездесті.
«Ертең бүкіл әлемнің бокс жанкүйерлері Калифорнияға көз тігеді. ESPN телеарнасы арқылы эфирге берілетіні алдағы жекпе-жектердің мәртебесін көрсетеді. Бұл Шәрібаев үшін үлкен мүмкіндік. Эндри Канчио мықты қарсыласқа тап болды. Шәрібаев жеңіс үшін шаршы алаңға шықпақ болып отырғанына көз жеткіздім», - дейді Бернард Хопкинс.
53 жастағы Хопкинс кезінде орта және жартылай ауыр салмақта IBF, WBC, WBA, WBO чемпионы болған. Хопкинс және АҚШ-тың беделді спорт журналистерінің бірі Бернардо Оcуна Golden Boy Promotions өткізетін бокс кешін жүргізеді. Онда Айдар Шәрібаев (7-0,6 КО) 8-ші жекпе-жегін өткізеді.
Бокс кеші Американың Индио қаласында болады. Айқастың тікелей трансляциясын 13 сәуір күні Астана уақытымен шамамен 08:00-ден бастап Setanta Қазақстан телеарнасынан қарауға болады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал