05.05.2018, 11:46 579 Бес елдің самбошылары Алматыда сынға түседі

Алматы қаласында Жеңіс күні мерекесіне орай спорттық және жауынгерлік самбодан ашық біріншілік өтеді.
Самбодан Алматы қаласының бас бапкері Бауыржан Садыханов мәлім еткендей аталған дода Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан спортшыларынан бөлек, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей және Беларусь самбошылары да қатысады. Жарыс 5-6 мамыр күндері Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтеді. Қазақ елінің намысын талай сында ысылған спортшылар қорғайды.
Атап айтар болсақ жауынгерлік самбодан әлемнің екі дүркін қола жүлдегері Нұргелді Қиялбеков пен жақында ғана ел біріншілігінде көзге түскен Батыр Мұқатаев бар. Сондай-ақ, Мирас Бауберіков, Самат Сағатбеков, Төленбай Қасымхан және Ниетбай Дәулет сынды самбошылар бар.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал