20.02.2018, 12:35 971 «Бейбарыс» сапында өзгерістер орын алды

«Бейбарыс» сапында өзгерістер орын алды. Команда бұрын «Арлан» сапында өнер көрсеткен қорғаушы Сергей Дорофеевты өз қатарына қосты. Сондай-ақ, Атыраудың клубынан қос қорғаушы Диас Мадиев пен Владимир Денисов кетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі shaiba.kz-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы маусымды 31 жастағы қорғаныстың ойыншысы Сергей Дорофеев Көкшетаудың «Арлан» ұжымында өткерді. 20 ойынға қатысып, 15 (10+5) ұпайға қол жеткізген.

22 жасар қорғаушы Диас Мадиев бұл маусымда «Бейбарыс» сапында 12 матчқа шықса, Владимир Денисов Атырау командасында бірде-бір ойында төбе көрсетпеген.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал