14.02.2018, 14:19 169 Биатлон да кейінге шегерілді

Бүгін Пхенчханда қатты боран соққандықтан биатлон жарысы да кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті арнайы хабар таратты.

Негізі, жарыс кестесіне сәйкес бүгін  биатлоннан жарыс жолына Қазақстаннан 15 шақырымдық додада Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова және Дарья Климина сынға түсуі керек болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қатты желге байланысты тау шаңғысы жарысы кейінге қалдырылғанын хабарлаған болатынбыз.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал