15.02.2018, 16:50 933 Биатлоншы бұрымдыларымыз соңғы орындардан көрінді

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында жарыс жолына шыққан биатлоншы төрт қызымыз жүлделі орындарға ілікпеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

15 шақырымдық жекелей сайыста Қазақстан атынан Ольга Полторанина, Галина Вишневская, Дарья Климина және Алина Райкова жарыс жолына шыққан болатын. Өкінішке қарай төрт шаңғышы да алдыңғы 40 спортшының қатарынан көріне алмады.

Вишневская мәре сызығын 46 минут 23.4 секундта жүріп өтіп, 45-орынға ие болса, Полторанина аталған қпшықтықты 46 минут 37.4 секундта бағындырып, 46-орынға тұрақтады. Ал , Райкова (46:37.4) 48-орынға, Климина (46:44.4) 51-орынға табан тіреді.

Бұл сында бас жүлде швед қызы Ханна Эбергке (41:07.2) бұйырса, екінші орынды словакиялық Анастасия Кузьмина (41:31.9) жеңіп алды. Ал, үздік үшінші орынға неміс қызы Лаур Дальмайер (41:48.4) ие болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал